Ultimate magazine theme for WordPress.

Садақ атудан әлем біріншілігіне Қазақстан атынан кімдер қатысады? 

97

Садақ атудан Қазақстан командасы әлем чемпионатына дайындықты бастады. 28 мамырдан бастап ұлттық құрама мүшелері Талғар қаласындағы АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда мүшелері 6-17 маусым аралығында Нидерландының Хертогенбос қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалмақ.

Ұлттық құрама бас бапкері лицензиялық әлем чемпионатына қатысатын мергендер тізімін жария етті.

Классикалық түрде садақ ату, ерлер: Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев;

Классикалық түрде садақ ату, әйелдер: Алина Ильясова, Гауһар Игібаева, Қаракөз Асқарова;

Компаунд, ерлер: Ақбарәлі Қарабаев, Рустам Қарабаев, Сергей Христич;

Компаунд, әйелдер: Диана Макарчук, Адель Жексенбинова, Мария Өмірзақова.

tengrinews.kz

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.