Ultimate magazine theme for WordPress.

Шеберлік сабағын өткізді

196

ҚАЖ саласында қызмет ететін әрбір азамат білімді әрі білікті болуымен қатар, түрлі қару-жарақтардың да қыр сырын меңгеруі тиіс. Бұл ретте, түзеу мекемелерінде өткізілетін шеберлік сабақтарының маңызы зор.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде кадр саясаты бөлімінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлау жөніндегі аға инспекторының әділет капитаны Еркебұлан Садуанов тағылымдамадан өтуші қызметкерлерге Макаров тапаншасы бойынша сабақ өткізді. Сабақ барысында, қысқа қашықтыққа атуда бұл тапаншадан асатын алтыатар жоқ екені, оның автоматты жүйесі, қысқалығы, өзге тапаншалардан артықшылығы туралы кеңінен айтылды. Бұдан бөлек, әмбебап тапаншаны қолданғанда нысанаға дөп тиюдің қыр-сырлары сөз болды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ЖД-158/1 мекемесінде болашақта ҚАЖ саласында қызмет етуді мақсат тұтқан тағылымдамадан өтуші жас қызметкерлер көп. Олармен мекеменің басшы құрамы әр-кез сұхбат жүргізіп, жас қызметкерлердің біліктілін арттыруда тиімді жұмыстарды ұйымдастыруда.

Құндыз Ахашева,
ЖД-158/1 мекемесінің психологы

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.