Ultimate magazine theme for WordPress.

Мәслихат депутатының көмегі – көпке үлгі

150

Қайырымдылық  жасау  қазақтың  қанында  бар  қасиет. Әсіресе, шын мұқтаж адамға жасалған көмектің сауабы да мол болмақ. Міне, осыны ойлаған Талас аудандық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Нұрлан Бердиев Тамды ауылының тұрғыны К.Бозымбаеваға  демеушілік жасап, қоларба сыйға тартты.

Өз кезегінде мүмкіндіші шектеулі  ана кәсіпкерге алғысын жаудырып, алдағы атқарар істеріне сәттілік тілеп, батасын берді.

Айта кету керек, халық қалаулысы  қаңтар айының 28 күні өткізген қоғамдық қабылдауында мүмкіндігі шектеулі анасының  қол арбаға мұқтаж екенін жеткізген  М.Кемелованың өтінішін тыңдап, көмек көрсететіндігін айтқан болатын.

Иә, мейірімділік, қамқорлық деген қасиеттердің азайған мына заманда жарымжан жандар назардан тыс қалып жатады. Бірақ, Нұрландай жүрегі таза азаматтар барда бұл пікірлердің жансақ айтылып жатқанын іштей мойындайсын. Ел үшін игі іс атқаратын арда азаматтар көп болғай!

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.