Ultimate magazine theme for WordPress.

«ТЭЦ» төңірегіндегі тартыс

194

«8 айдан бері қамауда отырған бизнесмен Бақберген Мәуленовтың ісін таза рейдерлік әрекет деуге бірнеше негіз бар», дейді журналист Жасұлан Әбдіхалық.
«Біріншіден ТаразЭнергоОрталығы (ТЭЦ) аукцион арқылы сатылып, бұған дейін банкротта тұрған компанияның қарыздары жабылып, Бақберген Мәуленовтың жекеменшігі екеніне қарамастан билік мекемеге жаңа бастық тағайындап үлгерді. Әлі сот болмады, айып тағылмады. Мәуленов ақталып келе ме әлде соттала ма ол жағында әкімдіктің шаруасы болмады. Жаңа бастық тағайындап Мәуленовтың адамдарын жаппай қудалаумен айналысып жатыр. Демек, Рейдрлік әрекетке барғандар бизнесменді ол жерден шығармауға барын салады.
Екіншіден, әкелі балалы Мәуленовтар кепілдікке (залог) қанша ақша ұсынғанымен үй қамаққа жіберілмеді. Адам өлтірген жоқ, отанын сатқан жоқ, пәре алған жоқ! Тым болмаса екеуінің біреуін үй қамаққа шығарып өздерін қорғауға, ақ екендіктерін дәлелдеуге мүмкіндік берілуі керек еді. Рейдірлік әрекеттің бір сипаты осы.
Үшіншіден, Бақберген Мәуленовтың денсаулығы сыр бере бастаған. Бірнеше рет Ковид жұқтырған, жүректен инсульт алған. Түрме дәрігерлері жүрекке ота жасауға шешім шығарса да тағы рұқсат берілмеді. Адамға ота жасауға рұқсат берілмегеннен кейін ақ мұның артында мүдделі үлкен күштердің тұрғанын анық көрсетеді. Егерде осы үш жағдайдың біреуімен сыртқа шығатын болса біраз адамдардың аттары аталып масқара болайын деп тұр. Бастапқыда баласымен бірге қорқытып қамап бизнесті тартып аламыз дегендердің жоспарлары жүзеге аспай отыр. Мәуленов оңай жарылатын жаңғақ еместігін көрсетті. Тергеудің 8 айға созылуы осыны айғақтайды.
Қорыта айтқанда күдік өте көп. Қоғам арасында Рейдірлік әрекет деген көзқарас болмау үшін тергеу жұмыстары ашық және әділетті жүргізілуі керек!
Әкелі балалы Мәуленовтарға бостандық беруін талап етеміз!», деп жазады Жасұлан Әбдіхалық фейсбук парақшасында.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.