Ultimate magazine theme for WordPress.

Бруцеллезді анықтау жұмыстары бүкіл табынға жүргізілетін болады — министр

171
Бруцеллезді анықтау жұмыстары бүкіл табынға жүргізілетін болады - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Биыл ветеринариялық іс-шараларға 45 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері туралы баяндаған Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылға арналған ветеринарлық іс-шараларды қаржыландыру көлемі 45,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9 млрд теңгеге артық. Аталған қаражат есебінен 2019 жылы жануарлар мен құстардың аса қауіпті 17 ауруына қарсы вакцинациялау бойынша 137,2 млн манипуляция жүргізу жоспарланған. Бұл листериоз бойынша саламаттылыққа қол жеткізуге байланысты 2 млн манипуляцияға азайтылды. Сонымен қатар 13,9 млн бас ауыл шаруашылығы жануарларының төлін бірдейлендіру, жануарлардың 28 аса қауіпті ауруы бойынша 72,4 млн зерттеу жүргізу, зертханалық зерттеулер үшін 34,8 млн қан сынамасын алу жоспарланған», — деді министр.

Оның айтуынша,  Халықаралық эпизоотиялық бюро ұсынымдарына сәйкес бруцеллезге қарсы күрес стратегиясы қайта қаралды. Енді ветеринарлық іс-шаралар бруцеллезге зерттеу кезінде оң нәтиже берген жануарға ғана емес, бүкіл табынға жүргізіледі.

«Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы күрес стратегиясына жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларынан 20 шақырым радиустағы халық шаруашылығының тәуекел аймағын анықтау бөлігінде өзгерістер енгізілді. Енді жабайы құстардың қоныс аудару жолында және су қоймаларының жанында орналасқан шаруашылықтармен қатар құс фабрикаларындағы құстардың да ата-енелік табынына осы ауруға қарсы вакцина егілетін болады», — деді ол.

Министр дерегінше, сібір жарасы бойынша жыл сайын 100 пайыз қамти отырып, сезімтал жануарларға алдын ала вакцинациялау жүргізіледі. Халықаралық зертханаларда олардың сапасын тексере отырып, қолданылатын вакциналардың сапасын бақылау күшейтілді. 2017-2018 жылдары кадастрмен белгіленген сібір жарасының 2180 көміндісі қоршалды және тану белгілерімен белгіленді.

 

kazinform.kz

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.