Ultimate magazine theme for WordPress.

Ата заң абақтыда да ардақталды

147

30-тамыз Қазақстан Республикасында  1995 жылы Конституция күні деп шегеленіп, тарих беттерінде алтын әріппен жазылды. Осынау шоқтығы биік, маңызы басым, мерейлі мерекені тойлау түзеу мекемелерінің қабырғаларында да аталып өтуде. Барша қазақстандықтар қадірлі күннің мәні мен мағынасын ұғына отырып, тиісінше құрмет көрсетуі орынды. Ал игілікті істен Тараз қаласындағы ЖД-158/7 мекемесінде қалыс қалмады. Жазасын өтеушілерді тәрбие мен еңбекке баулуға мықтап бет бұрған бұл түзеу орнының қызметкерлері марапат пен алғысты өздері иеленгенше, сотталғандарды жігерлендіріп, атаулы күнде аса көңіл бөлуді жөн көрді. Мейрам көркем фильм көрсетумен бастау алды. Іс-шара ҚАЖД мен облыстық кино орталығының ортақ келісімі негізінде орын алған. Мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Алмазбек Азизбеков жаза басып, жаңылғандарды алаштың азаттығы мен зайырлылығын айқындаған айтулы датамен құттықтап, жүрекжарды ізгі лебізін білдірді. Одан соң, 1 сағатқа жалғасқан патриоттық бейнефильм жиылғандар назарына ұсынылды. Онда дамудың көкжиегін көздеп, уақытпен санаспай қарыштап, алдыңғы қатарлы елдермен иық тірестіруді ниет еткен жас та болса жасамыс еліміздің жүріп өткен әрбір бақыт баспалдағы кезең-кезеңімен бейнеленген. Ширек ғасырдан астам уақытта аяққа нық тұрып, ғаламды аузына қаратып, достық пен бірліктің талбесігіне айналған тәуелсіз Қазақстан тарихы талайға ой салып, көптің көзіне жас үйірді. Керемет әсер алған азаматтар алғыстан басқа айтарымыз жоқ десті. Бұл мерекенің бастамасы ғана, тәрбие бөлімінің айтуынша елдіктің тойын тойлау  3 күнге жалғаспақ.Жоспарға сай түрлі спорттық-мәдени шаралар ұйымдастырылатын болады.

 

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.