Ultimate magazine theme for WordPress.

«Арман тоқта!» Ішімдікке мас жүргізуші балалармен келе жатып ЖКО жасады

161

ЖКО қатысқандардың қаншалықты дәрежеде жарақат алғаны және көлік салонында қанша баланың болғаны әзірге белгісіз.

Сурет : видео кадры2 Сәуір 2019, 11:39

Желіде жол апаты болған жазылып қалған бейнетікегіштің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазбада автокөлік құралының жүргізушісі қозғалыс кезінде салонда отырған балаларды еркелетіп келе жатқаны бейнеленген. Бірақ жүргізушінің сөйлеу мәнері оның мас екенін аңғартатындай. Кенет, ол жылдамдықты арттырып, көлікті қатты жүргізе бастайды. Осы сәтте кадрдан тыс отырған әйел одан (Арманнан) тоқтауды сұрайды. Бірақ ол бұл сөзге құлақ аспайды, ал балалардың зәрелер қалмай шулаған. Есіріп айдаудың нәтижесінде көлік айналмада қатар кетіп бара жатқан көлікті сүріп өтіп, жолдан шығып кетеді, артынша көкөніс базарының кіре беріс құрылмасына бірақ кіріп кеткен.

Екінші видеода жол апатының салдары түсірілген. Анықталғандай, шағын автобусты есерсоқ ер адам басқарған екен. ЖКО қатысқандардың қаншалықты дәрежеде жарақат алғаны және көлік салонында қанша баланың болғаны әзірге белгісіз.

Жазбадағы белгіге қарағанда, жол апаты 28 наурыз күні түнде орын алған сияқты. Желі қолданушылары оқиғаның Атырауда болғанын хабарлауда.

Атыраудың Полиция департаменті жүргізушінің расыменде ішімдікке мас болғанын растады.

— 29 наурызға қараған түні Toyota Hiace көлігі Nissan Maxima автокөлігімен қақтығыс жасады. Машина Азаттық даңғылымен келе жатып, Toyota Hiace жүргізушісі басқаруға ие бола алмай Nissan Maxima-мен қақтығысқан. Серпіліспен Toyota-ны көкөніс павильонына қарай жол шетне лақтырып жіберген. Жүргізуші 1986 жылғы. Сонымен қатар көлік салонында 2012 және 2015 жылдары туған екі бала отырған. Балалардың бірі жапа шегіп, ауруханаға жатқызылды. Сараптама көрсеткендей, жүргізуші ішімдікке мас күйде болған, — деп хабарлады Атыраудың ПД.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.