Ultimate magazine theme for WordPress.

Түрмеге есірткі лақтырған бұзақы ұсталды

160

Түзеу мекемесінің ішкі күзету аумағына жасырын түрде белгісіз ораманы лақтырмақ болған тұлға құрықталды. Оқиға маусымның 7 күні сағат 19:30 шамасында Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Айласын асырмақ болып, қылмысқа әрекеттенгендер әуелі оқшаулы мекеме маңайын торуылдап, кейін арам ойын іске асыруға беттеген. Күдіктіні назарға алған мекеменің жедел және режим бөлімдері мен кезекшілік топ, 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері бірден іске кірісіп, бақылауды күшейтті. Шар тәрізді етіп жабысқақ лентамен маталған орама А.Асқаров көшесі жағынан қоршауды асыру жолымен мекеменің ішкі күзету аумағына лақтырылды. Территорияны торуылдау барысында күмәнді зат қатаң жағдайда ұсталатын жасақ яғни, бірінші аумақтан тәркіленді. Барлық әккі әрекет бейнебақылауға түскесін, қылмыскерлерді қолға түсіру қиынға соқпады. Ол қала тұрғыны 21 жасар Владислав Абов есімді азамат екені белгілі болды. Оқиға орнына Тараз қалалық полиция басқармасы №1 Полиция бөлімінің жедел топ құрамы, және Есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлері шақырылды. Сот химиялық сараптама қортындысына сай, В.Абовтың заңсыз лақтырған орама ішінде есірткі заты жалпы салмағы 23,48 грамм «кептірілген марихуана»  екендігі анықталған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары  жүргізіліп, құқық бұзушы тергеу изоляторына қамауға алынды.

https://cloud.mail.ru/stock/qvKoxz14to93GvwZi6AHNYVQ

 

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі

Орынд:Г.Рысбай

Тел:87026756232

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.