Әлеуетті арттырар тың бастама
Тараздағы түзеу мекемелерінің бірінде қақпа алдында кездесу болып өтті. Жазасын толық өтеп, бостандыққа қадам басқан азаматқа ЖД-158/7 мекемесінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Бұл жолы әлеуметтік бағдарламаның шарапатын шулық Е.С.Әлібеков көріп отыр. Арнайы мамандар жазаын толық өтеп шығушыға қоғамға қайта бейімделіп, заман иіріміне сай бейімделуіне қатысты нұсқаулар беріп, жөн сілтеді. Мемлекет көрсетер мол мүмкіндіктермен жіті таныстырды. Мәселен, денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына байланысты тиісті көмектер алуға құқығы бар. Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік білім алып, жаңа мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға тіптен, жеке кәсіп ашуға да болады. Ниет болса, қолдау бар. Кездесуде сала мамандары сотталғанға қатысты барлық ахуалды сараптап, тіркеуге алды. Оңалту жолында атқарылар тірліктерді тиянақтап, бос жұмыс орындары ұсынылған бұрыштаманы тапсырды. Бостандыққа қадам басқан азаматтың сауалдарына жауап беріп, бизнес жоспарларымен бөлісті.
Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз хатшысы