Ultimate magazine theme for WordPress.

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАЛАРҒА

136

Қиын да, жауапты істің басы-қасында жүріп, елдің ішкі тыныштығы бүлінбеуін бақылап ел қорғанына айналған, Отанға адал қызмет етушілер ол — қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері. Білігі мен білім ұштасқан кәсіби мамандар шоғырланған  түзеу мекемелерінің бірі Тараз қаласындағы ЖД-158/7 мекемесі.Мұндағы  тәртіп сақшылары әрдайым қайырымды іске қайырылған. Кезекті игілікті іс мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Алмазбек Нышанбекұлының бастамасымен орын алды. Республикалық «Мектепке жол» акциясына үн қосып, аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созды. Ұжым болып жұдырықтай жұмылып, біршама қаражат жиналды. 8 жасар тараздық бүлдіршінге мектепке қажетті құрал-жабдықтан бастап, қыстық-күздік киім, аяқ киім, оқу-құралдары,сөмке түгелдей өз қалауы бойынша сатып алынды. Болашақ құқыққорғау саласының ержүрек қызметкері болуды арман еткен қылықты қызға мекеме басшысы базарлықты  өз қолымен табыстап, игі лебізін жеткізіп, ақыл-кеңес те берді. Балалық көңілімен қуанып, мектепке толықтай дайын екендігін сезінген балақай жүрекжарды тілегін арнап, алғыстан басқа айтарым жоқ десті. Жиын соңында аға-әпкелерімен естелік суретке де түсті. Кішкентай Сағынай үшін мекеме есігі әрдайым ашық, ЖД-158/7 түзеу орны қол ұшын созуға дайын екендігі де жиын соңында айтылды. Алдағы уақытта да ілкімді істер жалғасатын болмақ.

 

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.