Ultimate magazine theme for WordPress.

Есірткіге толы етік

132

Тараздағы түзеу орындарының бірінде тосын жәйт орын алды. ЖД-158/7 мекемесінде дәрі-дәрмек толтырылған ерлерге арналған етік табылды. Аяқ-киім Алматы қаласынан сотталғандардың біріне сәлем-сауқат ретінде жолданған.
Үстіміздегі жылдың 25-қазан күні жаза өтеушілерге кезекті рет жолданған сәлемдемелерді тінтіп-тексеру барысында орамахат көңілге күдік туғызады. Режим бөлімі бастығының орынбасары әділет майоры Саят Рахимов пен 5513 әскери бөлімінің бақылаушысы сержант Мөлдір Оңғарбаева жіті зерделеу барысында былғары бәтеңкенің табаны яғни ұлтарақ асты толы тосынсыйды аңғарады. Ешбір қорапсыз, құтысыз салынған
491 дана белгісіз ақ дәрілік препараттар анықталған. Осыған байланысты оқиға орнына Тараз қалалық Полиция басқармасы 1 полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылды. Сот-химиялық сараптамада психотроп еккендігі толықтай дәлелденді. Дәрігердің қатаң рецептімен ғана саудаланатын емдік заттың мұндай көп мөлшерде қоғамда еркін қолдан-қолға тарауы тергелу үстінде.Ал есірткіні пошта арқылы жолдау ЖД-158/7 мекемесінде тұңғыш тәжірибе емес.

Гаухар Рысбай б/қ 87771088000
ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.