Ultimate magazine theme for WordPress.

Жаза басып, жаңылғандарға да қоғамда қолдау бар

131

Тараздағы ЖД-158/7 түзеу мекемесінде тек 2019 жылдың өзінде 17 сотталған әлеуметтік бағдарламаның әлеуетін көрді. Жазасын өтеп, бостандыққа шыққан жергілікті азаматтарға үкімет тарапынан тиісті көмек көрсетіліп, бір реттік жәрдемақы, жолақы, жұмыспен қамтылып, денсаулығын түзеуге мүмкіндік алса, тіптен кейбірі жаңа мамандық иесі атанып, кәсібін дөңгелетіп жүр. Сондықтан 2017-2019 жылдарға арналған «100 нақты қадам» ұлт жоспарынан туындаған міндеттеме өміршеңдігін дәлелдей түсіп тағы екі жылға жалғаспақ.

Бүгінде ЖД-158/7  «Қақпа алдында кездесу» ұйымдастырылды. Бостандыққа қадам басқан қос бірдей сотталған бағдарламаның шарапатын көріп, абақты қақпасынан туыс,дос-жарандарымен қатар түрлі сала өкілдері қарсы алып, түзеудің түп жолын таңдағандарға жол сілтеді. Олардың қатарында учаскелік полицей, пробация қызметі, жұмыспен қамту орталығы, сотталғандардың құқығын қорғаушы «Феникс» қоғамдық бірлестігінің өкілдері болды. Мамандар талапқа сай тиісті әлуметтік қолдау түрлерімен таныстырып, қол жеткізу мақсатында жадынама ұсынды. Алдағы уақытта тар қапастан босап шыққандар қоғамнан қалыс қалмай, әлеуметтік ортаға бейімделуіне көп күш жұмсалып, атқарылатын жұмыс аз емес. Атулы көмекке қол жеткізгені үшін жақындары да ризалышығын жасырмады. Айта кетелік, жыл басынан бері кешенді бағдарлама аясында ЖД-158/7 мекемесінен босап шыққан  5 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

  Гаухар Рысбай

                ЖД-158/7 түзеу мекемесінің баспасөз хатшысы

 

 

 

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.