Ultimate magazine theme for WordPress.

Жамбыл облысында тағы бір COVID-19 оқиғасы анықталды

166

2020 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайы анықталды.

Инфекция Тараз қаласының 1950 жылы туған тұрғынынан анықталған. 7 мамырда жүрек айнуы мен дене қызуының жоғарылауына қатысты шағымданған әйел провизорлық стационарға жатқызылған. Одан коронавирусқа алынған талдау оң нәтиже көрсеткен. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Байланыста болған 1994 жылы туған туысы карантинге оқшауланды. Байланыста болған тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 8 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 177 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 85, Байзақ ауданында – 17, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында — 37, Меркі ауданында — 4, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.

Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсі жолаушыларынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталды.

Барлық ауырғандардың ішінде 61 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.