Ultimate magazine theme for WordPress.

Шетелдік валютаға сұраныс азайды 

162

Ұлттық банктың мәліметіне сүйенсек, 2019 жылғы қаңтарда халық нетто-негізде 142,8 миллиард теңгеге барабар сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды.

Бұл соманың негізгі бөлігі АҚШ долларын сатып алуға жұмсалған. Атап айтар болсақ, осы елдің валютасын сатып алуға 94,8 миллиард теңге жұмсалыпты. Сондай-ақ Ресей рублін алуға – 32,5 миллиард теңге, еуро ауға 14,9 миллиард теңге кеткен.  Айта кетерлігі, бұл сома алдыңғы айлармен салыстырғанда 36,1 пайызға аз. Ұлттық банк мұның себебін халықтың шетел валютасына деген маусымдық сұранысының азаюымен түсіндіреді.  Жалпы, қаңтарда АҚШ долларының құны 373,66-381,38 теңге аралығында өзгерді. Ай соңында теңгенің биржалық бағамы бір айда 1,1%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 380,06 теңге болды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.