Ultimate magazine theme for WordPress.

Чемпиондар лигасы ширек финалының барлық қатысушылары анықталды

152

Соңғы үш жыл қатарынан «Реал» жеңімпаз болған еді.

Сурет : footboom.com14 Наурыз 2019, 14:03

Чемпиондар лигасы 1/4 финалының барлық қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кезеңде англиялық «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм», голландиялық «Аякс», испаниялық «Барселона», италиялық «Ювентус» және португалиялық «Порту» ойынын жалғастырады.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалынан аса алмаған командалар: испаниялық «Реал» мен «Атлетико», италиялық «Рома», германиялық «Бавария», «Боруссия» (Дортмунд) және «Шальке», сондай-ақ, франциялық ПСЖ және «Лион».

Чемпиондар лигасының 1/4 және 1/2 финалына жеребе тарту ертең, 15 наурыз Астана уақытымен 17:00-де басталады. Бұл кезеңде бір елдің клубтары өзара ойнай береді. Чемпиондар лигасы 1/4 финалының алғашқы матчтері 9 және 10 сәуірде, ал қарымтасы бір аптадан кейін өтеді.

Соңғы үш жыл қатарынан Чемпиондар лигасын «Реал» жеңіп отырған еді, алайда, «Аякстан» жеңілгеннен кейін мадридтік клуб жарыстан шығып қалды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.