Президент Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадземен телефон арқылы сөйлесті
Мамука Бахтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстанды одан әрі өркендету жолында табыс және зор жетістік тіледі. Бұлт туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Мамука Бахтадзеге ризашылық айтып, Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге Грузия жағы бастамашы болды.