Құқықбұзушылық, қылмыс және жастар
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқармасының мәліметтері бойынша Тараз қаласында 2020 жылдың 9 айында 2334 қылмыс тіркелсе, оның 973-і жастардың қылмысы (2019 жылдың 9 айы – 3701 қылмыс, 9 айы – 746 қылмыс).
Жастар арасында қылмыстың орын алуының басты себептері ол: көптеген азаматтардың пікірі бойынша батыстың боевик немесе өзге де зиянды фильмдердегі әрекеттерге еліктеушілік, жастардың бос уақытын тиімсіз пайдалануы, жасөспірім кезінен бастап, баланың сана-сезімінің қалыптасуы кезеңіндегі ата-ананың балаға уақыт бөле алмауы, нашақорлық пен алкоголизмнің салдары болып табылады. Әрине, ішіп алған адамның өз әрекетіне, мінезіне жауап беруі қиын және мас күйінде адам ненің дұрыс, ненің дұрыс еместігін ойламайды. Бұл негізгі себептердің бірі. Осы мәселені шешпей біз жасөспірімдер арасындағы қылмыстың санын азайта алмаймыз.
«Жастар ресурстық орталығының» 2020 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 19 іс-шара (3 кездесу, 4 «дөңгелек үстел» отырысы, 2 дискуссиялық алаң, 3 түнгі рейд жұмыстары, 4 семинар, 2 жарыс, 1 акция) өткізіліп, 3 400-ге жуық жас қамтылды.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ағымдағы жылы 4 спартакиада, 1 ұлттық ойындар жарысы, 1 STREET WORKOUT ойыны, 1 ҮЕҰ арасында кіші футболдан жарыс және «Jambyl cup 2020» футбол турнирінің 6 ойыны өткізілді.
Сонымен қатар, 2020 жылы кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу туралы 1 ролик әзірленіп, «JAMBYL» және «77 ТВ» телеарналарында, Тараз қаласының әлеуметтік желідегі арнайы парақшаларында (инстаграм-@akimat.taraz, facebook- Акимат города Тараз) жариялануда.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе — жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылады.
Сондықтан да, жас ұрпақтың санасын қалыптастыру мақсатында елімізде жастардың жаңа саясаты жасалып, әлеуметтік белсенділік мәселесіне, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің нығаюы барысындағы жастардың орны мен рөліне баса назар аударылуда. Сондықтан бұл дертпен жалғыздықта күреспей, ел болып, халық болып біріге күрессек ғана оның алдын ала аламыз.
Еркінбек Жаманкеев,
Тараз қалалық «Жастар ресурстық
орталығының» ақпараттық-мониторинг
секторының меңгерушісі