Ultimate magazine theme for WordPress.

Өз-өзіне қол жұмсауға бейім тұлғаларды күні бұрын анықтайтын құрылғы қолданысқа енді

170

Өңірде пробация қызметінің есепте тұрған азаматтардың психо-эмоциялық жағдайын тез арада анықтайтын құрылғы қолданысқа енді. Қордай аудандық пробация қызметі бөлімінің ғимаратына орнатылған тестілеу кешені «Ақсұңқар» деп аталады.

Бүгінде психолог мамандар есепте тұрған азаматтардың психологиясын тексеруді жаңа технологияға көшіру үшін жұмыс жасауда. Айта кету керек, аталған аппарат заманауи үлгідегі озық жабдықталған құрал. Мамандардың сөзінше, әмбебап құрылғының тигізер пайдасы мол. Жаңа құрылғы бір адамды 20 минут ішінде тестіден өткізіп, нәтижесінде айна қатесіз шығаруға қауқарлы. Бұған дейін, қолданыста болған әдіс арқылы есептегі азаматтың психо-эмоциялық жағдайын тексеру үшін 5-6 сағат жұмсап келген мамандар компьютерлік технологияның ұтымды тұсының бірі азаматтармен кеңінен жұмыс жасауға жол ашатынын тілге тиек етті.

Жалпы, «Ақсұңқар» тестілеу кешені арқылы суицидтың алдын-алуда, пробация қызметінің есебіндегі өз өзіне қол жұмсауға бейім тұлғаларды күні бұрын анықтауға және психикалық дәрежесін білуге таптырмас құрал.

Ғалым Әбдіразақов,
Қордай аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.