Ultimate magazine theme for WordPress.

Жұмысты оңтайландыру жемқорлыққа жол бермейді

166

«Антикор» сервистік орталығында өткен жылы өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыс нәтижесімен брифинг барысында таныстырылды. Брифингке департамент басшысы Ә.Әшірбаев және департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев қатысып, тындырымды істі тізбектеп берді.

Қазіргі таңда республика бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына басым бағыт берілген. Бұл өз кезегінде парасаттылық, әділдік, сенім қағидатын айқындайды. Бір жыл ішінде жұмысты оңтайландыру мақсатында атқарылған жұмыс аз емес.

Сараптап көрсек, Заңнамалық тұрғыда ҚР Экологиялық кодексіне объектілерге қатысты эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін белгілеу туралы талап енгізілді, экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің бұйрығымен экологиялық тексеру барысында бейне жетон пайдалану нұсқаулығы әзірленді, Ауыл шаруашылығы министрінің «Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу» қағидаларына комиссия құрамына қоғам өкілдерін қосу жөніндегі өзгеріс енгізілді.

Бұл – жұмыстың бір парасы. Департамент қоғам институттарымен сындарлы әріптестік орнатып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі мемлекеттік органдарды барынша ашық, айқын болуға байланысты жұмыстарды жүргізіп келеді. Бұл жүйелі жұмыстың тиянақты нәтижесі деуге болар.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.