Ultimate magazine theme for WordPress.

Діни басқос

141

Дін мәселесі түрмеде де өзекті. Осыған орай, ЖД-158/7 мекемесінде жеке қабылдау ұйымдастырылды. Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының «Абу Ханифа» ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, теолог Мұхан Исахан сотталғандармен кездесіп, сан сауалына жауап қатты. Бұл жолы басқосу жабық түрде өтсе, дінтанушымен жеке бөлмеде тілдесуге мүмкіндік жасалды. Көпшілік алдында қысылып-қымтырылмай, көңілге күпті сұрақтардың түйіні тарқатылды.Көтерілген мәселелердің басым бөлігі — ислам дінінің тараулары, бағыт-бағдары, намаз оқудың үлгілері түсіндірілсе, жат ағымдар да тілге тиек етілді. Емен-жарқын сұхбаттасып, кәсіби маманнан мол мағлұмат алу баршаға ерекше әсер сыйлады. Діни сауатсыздық соңы сан соқтырып, опық жегізуі ықтимал. Онымен күрес жолында қыруар жұмыс, көп күш жұмсалуы тиіс, деседі маман. Сондықтан жиын соңында мекеме теологтарымен тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласты.Облыстық дін істері басқармасы да бұл тұста қарап қалмайтынын жеткізіп, ілкімді іске үн қосуға ниетті.

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз хатшысы

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.