Ultimate magazine theme for WordPress.

Заңсыз заттарды пошта арқылы жолдау белең алуда

156

Тиым салынған заттарды жасырын түрде темір тордың ар жағына өткізуге ниеттенгендердің саны азаймай тұр. Бүгінгідей қарыштап дамыған заманда әккі іске баратындардың қулығы мен әдісі де әр алуан. Соған қарамастан құйтырқы тірлік әшкереленіп, заңсыздықтар алдын алынуда.

Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде құқықбұзушылық анықталды.  Жазасын өтеушіге сәлем-сауқат арқылы қатаң тиым салынған заттарды жөнелткен. Бұл жолы тосын сый дезодорант құтысынан шықты. Жедел тобының жіті тінту жұмыстары барысында «L8star» маркалы 1 дана ұялы телефон, сондай-ақ әр түрлі 5  байланыс сим-картасы, 1 жадылық карта, қуаттағыш сым табылды. Барлығын  «Rexona» ішіне салып, бандерольді «Қазпошта» АҚ арқылы 1979 жылғы Талғарлық азаматша жолдаған. Қазіргі таңда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481 бап бойынша материал жинақталып, іс сотқа жолданды. Заңға кереғар айласын асырмақ болғандардан тиісті  айыппұл алынады.

 

 

Гаухар Рысбай

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз хатшысы

Б/н: 87771088000

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.