Жарқын жоба жемісін жұрт көреді
Таразда облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 игі іс жобасы жалғасын табуда. Биыл Тараздың 30-дан астам көшесі жөнделуде. Оған бюджеттен 1 млрд. 120 млн.тг. қаржы қарастырылған. Бүгінде Б.Момышұлы көшесі күрделі жөндеуден өтсе, көптеген көшелер мен бұрылыстарға асфальт төселуде.
Сондай-ақ, қалада 30 жылдыққа орай 30 спорт нысаны салынуда. Оның 13-і «Таразға тарту» жобасы аясында ел игілігіне берілді. 4 жаңа футбол алаңы мемлекет есебінен салынса, Мұз айдыны, Бокс сарайы, Үстел теннисі мен гимнастика орталығы т.б. нысандар бар.
30 жылдыққа орай 30 балалар алаңы ашылады. Оның 13-і «Таразға тарту» жобасы аясында берілсе, 12-сі мемлекет және 5-уі демеушілер есебінен салынуда. Алаңдар 3 жас ерекшелігіне, яғни 2-7 жас, 7-14 жас және 14-тен жоғары болып бөлінген. Қауіпсіздік үшін арнайы жабындылар төселіп, жаттығуға қажетті құралдар орнатылған.
30 жылдыққа орай 30-дан астам көшені жарықпен қамтуға 200 млн.тг. бөлінді. Бұл қаражатқа биыл 34 көше жарықтандырылады. Әсіресе, мектептер мен балабақшаларға барар жолдарға баса назар аударылады.
Қалада 2021-2023 жылдарға арнайы жоспар бекітілген. Алдағы 3 жылда 207 нысан жарықтандырылса, 230 көше мен бұрылыс (261,8 шақырым) көше жөнделіп, 241 аула абаттандырылады.