Ultimate magazine theme for WordPress.

АХҚО қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 51-ші орынды иеленді 

159

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) GFCI қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 102-ден 51-ші орынға көтерілді. Бұл 2018 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 37 позицияға жоғары, деп хабарлады Kapital.kz.
GFCI рейтингі онлайн-сауалнамадан қаржы орталықтарының 29 мыңнан астам бағалауының негізінде жасалады. Дүниежүзілік банк, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сынды тағы да басқа ұйымдардың 130-дан астам макроэкономикалық көрсеткіштерін ескереді. GFCI «іскерлік орта», «қаржы секторын дамыту», «инфрақұрылым факторлары», «адами капитал», «бедел және жалпы факторлар»сияқты критерийлерді қамтиды. Рейтингтің объективтілігі үшін қаржы орталығын бағалау кезінде респонденттердің — шетелдік қаржы нарықтары өкілдерінің пікірі ескеріледі. Сондай-ақ АХҚО «Шығыс Еуропа және Орталық Азия»аймағының рейтингінде 1-ші орынға ие болды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.