Ultimate magazine theme for WordPress.

Жат ағымдар жақсылыққа апармайды

179

Бүгінгі таңда діни мәселе қоғамдағы өзекті сұрақтардың бірі. Біздің қоғамды діни радикализм мен экстремизм проблемасы біршама алаңдатып отыр. Бұл бағытта мемлекет тарапынан нақты шаралар қолға алынып, діни ахуалды ретке келтіруде жаңашыл бастамалар жүзеге асуда.

Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі екені сөзсіз. Бұл ретте, түзеу орындарында да діни ахуалдың тұрақтылығы аса маңызды.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде арнайы мамандар жүйелі жұмыстар атқарып, жат ағымдардың алдын алу мақсатында бағыт-бағдар беріп отырады.

Жуырда мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі теология қызметі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аталған бағытқа арналған жиын өтті. Басқосуға «Ақ ниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының Жамбыл облысы бойынша өкілі Зулхарнайн Зүнінқожа арнайы қатысты.

«Қазіргі қоғамдағы ағымдардың бет-бейнесі» тақырыбына арналған кездесу барысында оңалту орталығының маманы сотталған азаматтарға дәріс оқып, жеке кеңес беру әдістемесін өткізді

Бұдан бөлек, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақ пен қараның аражігін ажыратып берді. Сондай-ақ жат ағымдардың шығу тарихы, оның зияны мен зардаптары жайында және одан құтылудың жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

Жиын барысында жазасын өтеушілер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптарын алды.

 

Жарас Жақсыбеков,

ЖД-158/2 мекемесінің САТжӘПЖ бөлімі

теологиялық жұмыстарды ұйымдастыру тобының инспекторы,

әділет аға лейтенанты

 

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.