Ultimate magazine theme for WordPress.

Бұзақының жолы кесілді

147

Сотталғандарға тиым салынған заттарды лақтырмақ болған бұзақы қолға түсті. Оқиға Тараз қаласындағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған.Үстіміздегі жылдың 26-қараша күні түскі уақытта мекеменің А.Асқаров көшесі маңын торуылдап жүрген азаматтың іс-әрекеті күдік туғызады. Құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында жедел бөлімінің қызметкерлері әділет капитаны Әділет Джарықбасов, әділет капитаны Ерзат Шалабек сондай-ақ әділет аға лейтенанты Бақдәулет Тұрсынбек бақылауды күшейтіп, құрықтау операциясына кіріседі. Арам ойын іске асырған әккі ізін суытпастан қылмыс орнында қолға түсті. Мекеменің ішкі күзет аумағынан табылған беймәлім орама ішінен қос бірдей ұялы телефон, нақтырақ айтсақ «Самсунг» және «Ирбис» маркалы байланыс тетігі тәркіленді. Анықталғандай тәртіп бұзған 34 жастағы тараздық тұрғын. Қазіргі таңда аталмыш азамат әкімшілік құқық бұзғаны үшін ҚР ӘҚ 481 бап 1 бөліміне сай хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.