Ultimate magazine theme for WordPress.

2019 жылдың қаңтар және ақпан айларында  Ұлттық қор түсімі 576,4 млрд теңгеге жетті 

2 727

Бұл туралы Ұлттық банк пен ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылдың осы жылымен салыстырғанда бұл 56,2 пайызға көп қаржы. Атырау облысы бұл жылы да елдің Қазақстанның донор аймақтарының бірі деген мәртебені сақтап қалды: Атыраулықтар Ұлттық қорға салған қаржысы 250,4 млрд теңге. Ал Батыс Қазақстан облысы 171,4 млрд теңге. Маңғыстау облысы 87,2 млрд, Ақтөбе -26,4 млрд және Қызылорда облысының үлесі 22,7 млрд теңге. Астана қаласының ұлттық қорға салған көмбесі 18,1 млрд, Түркістан облысы 1,9 млрд, Шығыс Қазақстан облысы 1,4 млрд теңге. Ал Алматы қаласы  1.1 млрд теңге жиған. Ал өзге облыстардан алғашқы екі айда түскен түсім 1,3 млн мен 395 мың теңгенің айналасында болып шықты, Солтүстік Қазақстан мен Шымкент қаласынан алғашқы екі айда Ұлттық қорға ақша түспеген.        Республикадағы 14 облыс пен 2 қаланың ішінен тек төрт донор-аймақ қана мемлекеттік бюджетке алғанынан көбірек беретіні осыған дейін де белгілі болатын.  Бұл Алматы қаласы мен Атырау, Маңғыстау облыстары. 2016 жылдан бері олардың қатарына Астана қаласы енді. Әйтсе де, бас қаланың бюджетке берері жоғарыда аталған үштікке қарағанда азырақ. Дегенмен, Астананың шығысынан кірісі көп өңірлердің қатарына енуі қуантады. Мамандар елдің барлық донор-аймақтарды табыс принциптеріне қарай үш топқа бөлуге болады. Бұлар – қазба байлығы көп Атырау мен Маңғыстау облыстары; – экономикасы тұрақты, соның ішінде шағын шәне орта кәсіпкерлік, өндіріс пен сауда қызметі дамыған Алматы қаласы; – ұлттық компаниялардың бас кеңселері орналасқан Астана қаласы. 2017 жылы  донор-аймақтардан қаржыны алу көлемі 16 миллиард теңгеге артқаны байқалған. 2018 жылы  Алматы қаласы мен Маңғыстау облысы бюджетке Астана қаласы мен Атырау облысынан көбірек кіріс түсірді. «Егер салық түсімдерін тереңірек қарастыратын болсақ, онда Алматы қаласының барлық салық түсімдерінің жартысы сауда мен қызмет көрсетуден түседі. Демек, елдің өзге облыстары төрт донор-аймаққа тәуелді болмаулары үшін сауда жасауды үйренулері керек. Ал жергілікті компаниялар аяқтарын нық баспай, бұл мәселе түпкілікті шешілмейді», — дейді мамандар. 2018 жылы бюджетке түсетін түсімдердің барлық аймақтарда қысқарғаны байқалыпты.  Экономист Мағбат Спанов Алматы, Астана, Ақтау мен Атырау қалаларын әзірге донорлар дейді. Оның өзінде тек Алматы мен Астанада бизнес субьектілерінің көптігі мен Атырау мен Ақтауда мұнай өндірісінің болғандығынан ғана. Экономист Мағбат Спановтың айтуынша, үкімет дотацияға онша тәуелді емес аймақтарға Алматы облысы мен Қарағандыны жатқызады. «Алматы облысының экономикасын Хоргос бекеті, Қарағандыны географиялық жағынан Астанаға жақындығы көтеріп тұр. Бұл жерлердегі бизнестегі белсенділік Алматы мен Астанаға байланысты, – дейді Мағбат Спанов. Экономист-қаржыгер Бейсенбек Зиябеков бюджет теңгерімсіздігін жою үшін кейбір жергілікті аймақтардағы бизнес-субьектілерді бағдарлама бойынша қаржыландыруды азайтқанын айтты. Нәтижесінде салық жүйесі тағы да орталықтандырылды. Бірақ бұл жолғы  өзгерістердің бенефициары – экономикасы әлсіз аймақтар болып қала береді екен. «Нәтижесінде салықтан түскен табыс барлық аймақтарға тең бөлінеді. Бұл жолы тағы да дотациялық аймақтарды бюджет трансферті арқылы қосымша қоректендіреді. Облыс әкімдеріне экономикалық көрсеткіш маңызды емес. Облыстың көшін сүйреуден гөрі утопия жобаларды қаржыландыру жеңілірек, – дейді Бейсенбек Зиябеков. Бейсенбек Зиябеков осы кезге дейін реципиент аймақтардың қатарының көбейіп кетпеуі үшін біраз тірліктің басы қайырылғанын айтады. Болашағы жоқ ауылдарды анықтайды. Болашағы барын сақтап қалып, жоғын жауып тастайды. – Моно қалаларды дамыту үшін бағдарлама қабылданды. Ол бойынша 27 шағын қаланы қамту керек еді. Бірақ оны жүзеге асыратын нақты тетік болмады. Мүмкіндікті шашыратып алдық. Қаржы анда кетті, мұнда кетті. Нәтижесі аз болды, – дейді Бейсенбек Зиябеков. Осы тұста, экономист Ресейде де шағын қалаларды дамытуға арналған бағдарлама болғанын айтты. Олар бұл бағытқа 1,5 млрд рубль бөлген. Біздің теңгемен есептегенде 7-8 млрд теңге. Ал Қазақстанда 1 жылға 34 млрд теңге, 3 жылға 120 млрд теңге бөлінді. Бізде тіркелген моно қала – 27 болса, Ресейде – 300. – Үкімет бөлген қаржы мақсатты түрде жұмсалса, 27 қаланың инфрақұрылымы 90 пайызға жаңаруы тиіс еді. Ресей осы бағдарлама негізінде реципиент аймақтардың донорлық мәртебе алуын сатыға бөліп, кезең-кезеңге жүйелеп жатыр. Ал біздің елде донор аймақтардың реципиенттер қатарына қосылуының өзі проблема. Бұл әкімдердің рейтингіне әсер етеді. Күні кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің жұмысы  рейтингіне емес, іскерлік белсенділігіне қарап бағаланатынын айтты  – дейді Бейсенбек Зиябеков. Демек, бұл да кеше ғана Президент лауазымына кіріскен Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның шындап айналысатын мәселелерінің бірі.  Гүлбаршын САБАЕВА, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.